Осы редакция 2019 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.11.01. № 13 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 495 бұйрығына
2-қосымша
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері
мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берілген күннен бастап кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде беріледі.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 (он бес) минут;
3) қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 (он бес) минут.